Жаңалық 9 қыркүйек 2026
«Реал» «Интерді» жеңіп, Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
Чемпиондар лигасының топтық кезең матчында мадридтік «Реал» өз алаңында италиялық «Интерді» 2:1 есебімен жеңді.
Кездесу Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. 14-минутта есепті Килиан Мбаппе ашса, 23-минутта Федерико Вальверде екінші голды соғып, «Реалдың» басымдығын арттырды.
«Интер» есебін 77-минутта Карлос Аугусто арқылы жалғыз голмен жұмсартты, бірақ бұдан былай нәтиже өзгермеді.
Тағы оқыңыз
Мбаппе сынға жауап берді: «Голдарымды неге ұмытады?»
Осы жеңістен кейін «Реал» топтық кезеңде үш ұпай жинады, ал «Интер» ұпайсыз қалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


