Ивоби мен Смит Роу Instagram-дағы жазбаларын өшірді: «Фулхэм» үш ойында үш жеңіліс тапты

Ивоби Instagram парақшасындағы барлық жазбасын дерлік өшіріп, футболға қатысы жоқ бір ғана жазбасын қалдырды. Смит Роу да өз парақшасындағы жазбаларды толықтай өшірді немесе жасырды.
Аталған үш ойында Ивоби барлық кездесуде негізгі құрамда бастаса, Смит Роу екі ойында ойын барысында алаңға шықты, бір кездесуде резервте отырды. Ол бұдан бөлек, Лига кубогында «АФК Уимблдонды» 3:0 есебімен жеңген матчта гол соққан.
Үш жеңілістен соң «Фулхэм» турнир кестесінде 19-орында тұр — ол «Ковентри Ситиден» тек айырма көрсеткіші бойынша ғана жоғары. Соңғы жеңілістен кейін команданың қорғаушысы Кенни Тете жанкүйермен әңгімесінде бас бапкерге қатысты наразылығын білдірген.
«Фулхэмнің» келесі қарсыласы — «Ливерпуль». Мерсисайд клубы жаңа маусымда бір жеңіс, екі тең ойыннан кейін жеңіліс тапқан жоқ.


