БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 8 қыркүйек 2026

«Қайраттың» болашақ қарсыласы дағдарыста: «Мьёльбю» бас бапкерін жұмыстан шығарды

Фото: pbs.twimg.com
Швед клубы «Мьёльбю» бас бапкер Карл Мариус Аксумды қызметінен босатты. Себебі — команданың қатарынан бесінші жеңілісі.

Швеция чемпионатының 20-турында «Мьёльбю» «Гётеборгтен» 1:4 есебімен ұтылды. Қарсылас командада голдарды 59-минутта Нино Жугель, 63-минутта Александр Симмельхак, 75 және 79-минуттарда Сэм Ларссон, ал 83-минутта Олле Линдберг соқты.

Бұл жеңіліс «Мьёльбю» үшін қатарынан бесінші болды. Клуб бұған дейін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Зальцбургтен» 0:1 және 0:3 есебімен, чемпионатта «Юргарденнен» екі рет — 0:4 және 0:2 есебімен ұтылған еді. 15 тамыздан бергі кезеңде «Мьёльбю» бар-жоғы бір гол соғып, қақпасынан 14 доп өткізіпті. Ал 15 тамызда команда «Сириусты» 4:3 есебімен жеңген болатын.

Осы сериядан кейін клуб басшылығы Карл Мариус Аксуммен қоштасуға шешім қабылдады. Жаңа бас бапкер қызметіне Андреас Брённстрём тағайындалды.

Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлер үшін де маңызды: «Мьёльбю» — УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде алматылық «Қайраттың» қарсыласы. Екі клуб 26 қарашада төртінші турда «Қайрат» алаңында кездеседі.

Тағы оқыңыз

«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Панатинаикос» Грекия чемпионатында ірі жеңіске жетті
«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Рига» Латвия кубогының финалына шықты
«Қайраттың» қарсыласы «Андерлехт» Лига 2-нің үздік бомбардирін сатып алды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz