«Алтын доп» тарихында тұңғыш рет Парижден тыс өтеді: үздік бапкерге бес үміткер белгілі болды

Испандық маман ПСЖ-ны Чемпиондар лигасының қатарынан екінші титулына жеткізгеннен кейін, сыйлықты қатарынан екінші рет жеңіп алуға ең үлкен үміткер саналады.
Онымен қоса тізімде тағы төрт бапкер бар. Испания құрамасын әлем чемпионатында чемпион атандырған Луис де ла Фуэнте, «Арсеналды» 22 жылдан кейін тұңғыш рет Англия чемпионы етіп, Чемпиондар лигасының финалына шығарған Микель Артета, «Астон Вилланы» Еуропа лигасының жеңімпазы еткен Унаи Эмери, сондай-ақ «Баварияны» Германия чемпионы етіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына жеткізген Венсан Компани.
«Алтын доптың» марапаттау салтанаты 2026 жылы 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл сыйлықтың 70 жылдық тарихында ол тұңғыш рет Парижден тыс жерде өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар мұны сыйлықтың 70 жылдығына орай және оның алғашқы иегері сэр Стэнли Мэттьюзге құрмет ретінде түсіндірді.


