БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 17 тамыз 2026

Энрике: Ұтылғанымызға қарамастан, команданың ойынына риза болдым

Фото: kaz.vesti.kz
Франция Суперкубогында «Ланстан» жеңілгеннен кейін «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике командасының ойынына жоғары баға берді.

Кездесу «Ланс» стадионында өтіп, қонақтар 1:0 есебімен жеңіліске ұшырады. Жалғыз голды 32-минутта Флориан Товен соқты. Бұл жеңіс «Ланс» үшін клуб тарихындағы алғашқы Суперкубок трофейін сыйлады.

«Шабуылдарды аяқтау керек еді. Меніңше, матч барысындағы қарқын мен жалпы атмосфера өте жақсы болды. Әсіресе бірінші таймдағы ойынға қатты риза болдым», — деді Энрике.

Тағы оқыңыз
Луис Энрике: Маусымның апатты старты деп атауға болады

«Команда әдеттегі қимыл-қозғалыстарымыз арқылы қауіпті сәттер туғыза алды. Маған бұл ұнады. Футбол — тамаша нәрсе», — деп қосты ол.

«Ұтылғаннан кейін риза болу қиын көрінуі мүмкін. Бірақ маусымның осы кезеңінде команда көрсеткен сапа мен қарқынға, әсіресе қажырлылыққа шынымен қуанамын», — деді бапкер.

Лига 1 маусымы 22 тамызда «Ланс» пен «Оссердің» кездесуімен ашылса, «ПСЖ» 23 тамызда өз алаңында «Реннмен» ойнайды.

Тағы оқыңыз

Луис Энрике: Маусымның апатты старты деп атауға болады
«ПСЖ» өз алаңында «Монакодан» ұтылды: 2021 жылдан бергі алғашқы мұндай сәтсіздік
«Алтын доп» тарихында тұңғыш рет Парижден тыс өтеді: үздік бапкерге бес үміткер белгілі бо
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: kaz.vesti.kz