Жаңалық 7 қыркүйек 2026
«Рига» «Қайратпен» кездесу қарсаңында 8 күнде 3 матч өткізеді

Фото: sports.kz
Латвияның «Sportacentrs» порталы «Рига» клубының тығыз күнтізбесіне назар аударды: команда УЕФА Конференциялар лигасында алматылық «Қайратпен» кездесуге дейін де, одан кейін де бірнеше жауапты матч өткізеді.
«Рига» 2026 жылдың 15 қазанында өз алаңында, «Сконто» стадионында, «Қайратпен» УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойнайды. Осыдан кейін команданың демалуға уақыты болмайды: 18 қазанда Латвия чемпионатында «Супер Новамен», ал 22 қазанда қонақта кипрлік «Пафоспен» кездеседі.
Осылайша, «Рига» небәрі 8 күнде 3 матч өткізуге тиіс.
«Еурокубоктардағы табыс жақсы сыйақымен қатар ауыр күнтізбе де ала келеді», — деп атап өтті «Sportacentrs» порталы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


