Жаңалық 7 қыркүйек 2026
«Қайрат» — «Женіс» кездесуіне төрешілер тағайындалды

Фото: sports.kz
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы маусымның кейінге қалдырылған 21-турындағы алматылық «Қайрат» пен астаналық «Женіс» арасындағы матчқа төрешілер құрамын жариялады.
Кездесудің бас төрешісі болып таразылық Бағдат Әбдуллаев тағайындалды. Оған көкшетаулық Антон Сысоев пен қарағандылық Артем Коневец көмекші төреші ретінде қосылады.
Резервтегі төреші — алматылық Біржан Сержанұлы. VAR жүйесінде көкшетаулық Антон Кучма жұмыс істейді, оның көмекшісі — семейлік Станислав Лесив.
Матчты алматылық Нұржан Дөскеев инспекторлық бақылауға алады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


