БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 6 қыркүйек 2026

Карпович: «Бұл — менің бапкерлік қызметімдегі ең ұятты матч»

Фото: turkmenportal.com
«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан премьер-лигасының 25-турында «Астанадан» 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Біріншіден, барлығынан: біздің басшылықтан, демеушілерден, серіктестерден, облыс басшылығынан, бізді қолдап келген жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді», — деді Карпович.

Бапкер бұл кездесуді өз мансабындағы ең сәтсіз матч деп атады.

Тағы оқыңыз
Карпович: «Мансабымдағы ең ұятты матч»

«Бүкіл бапкерлік қызметімдегі ең нашар әрі ең ұятты матч — осы. Өкінішке қарай, жалпы алғанда ең әлсіз ойынымызды көрсеттік, бұл өте ұят әрі масқара», — деді ол.

Ол команданың мінезіне де қатты сын айтты: «Бұл — мінез-құлқы, менталитеті және басқа да барлық жағынан ең әлсіз команда».

23 матчтан кейін «Елімай» 32 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында тұр. «Астана» болса 45 ұпай жинап, үшінші сатыда келеді.

Тағы оқыңыз

Карпович: «Мансабымдағы ең ұятты матч»
Карпович: Екі 11 метрлік добының біріншісі негізсіз тағайындалды
Карпович: Еуропа кубоктары «Елімайдың» ҚПЛ-дағы серпінін бәсеңдетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz