БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 6 қыркүйек 2026

«Барселонаның» тұңғыш бразилиялық 9 нөмірі Джизусқа өсиет қалдырды: «Бұл нөмірді қастерле»

«Арсеналдан» трансфер терезесінің соңғы күнінде «Барселонаға» ауысқан бразилиялық шабуылшы Габриэл Джизус клубтың тарихи 9-нөмірлі футболкасын киетін болды.

Джизус негізгі құрамдағы шабуылшы саналмаса да, «Барселонада» дәл осы нөмірді таңдады. Ал 11-нөмірлі футболканы Рафинья киеді.

«Барселона» тарихында бразилиялық футболшылардың ішінде 9-нөмірді бірінші болып киген — Эваристо. Ол жаңа әріптесіне жүрекжарды тілегін жолдады.

Тағы оқыңыз
Артета: Джезуспен жеке сөйлескенмін, оның сөзіне таңғалдым

«Габриэл, «Барселонада» мен де киген осы 9-нөмірді қастерле, оны мен бүгінге дейін үлкен сағынышпен еске аламын», — деді Эваристо.

«Саған «Барселонада» табыс тілеймін, клуб тарихындағы көптеген бразилиялық ойыншылар сияқты, осы футболкада өз ізіңді қалдыр», — деп қосты ол.

Жаңа легионер жексенбіде «Валенсияға» қарсы кездесудің құрамына енгізілді. Местальядағы матчта Джизус қосалқы ойыншылар орындығынан бастады.

Тағы оқыңыз

«Барселона» Габриэл Жезусты сатып алуға келісті — трансфер құны €10 миллион
Габриэл Жезус «Барселонада» жеке жаттығуға кірісті
Габриэл Жезус «Барселонадағы» алғашқы голымен Ривалдудың рекордына жетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: sports.yahoo.com