Жаңалық 30 тамыз 2026
«Барселона» Габриэл Жезусты сатып алуға келісті — трансфер құны €10 миллион

Фото: skysports.com
«Барселона» лондондық «Арсеналдың» бразилиялық шабуылшысы Габриэл Жезусты сатып алу жөнінде принципті түрде келісімге келді. Трансфердің құны £8,6 миллионды (€10 млн) құрайды.
Дереккөздердің мәліметінше, Жезус трансферді аяқтау үшін Испанияға аттанбақ, бұл дүйсенбіде-ақ болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Артета: Джезуспен жеке сөйлескенмін, оның сөзіне таңғалдым
Сонымен қатар «Арсенал» жартылай қорғаушы Фабиу Виейраны гамбургтік клубқа сатуға келісті. Бұл трансфердің құны £7,7 миллион шамасында болады деп күтілуде. Виейра трансферді аяқтау үшін Германияға жол тартты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


