Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Сәтпаев ойнаған 4 матчта гол жоқ, «Бернли» «Рексемге» қарсы шығады
Ағылшын чемпионатында (2-дивизион) «Бернли» 8-9 қыркүйекке қараған түні «Рексеммен» кездеседі. Матч Racecourse Ground стадионында, Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.
«Бернли» құрамында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев үшін бұл маусым әзірге оңай болған жоқ. Ол клуб құрамында барлығы 4 матч өткізді — 3-еуі чемпионатта, біреуі Лига кубогында, бірақ бірде-бір голға да, нәтижелі пасқа да қатысы болған жоқ.
Соңғы кездесуде — «Бристоль Ситиге» қарсы (1:2) — Сәтпаев жарақат салдарынан алаңға шықпады.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев «Бернлидің» «Мидлсброға» қарсы матчындағы үздігі атанды
Айта кетейік, Сәтпаев «Бернлиде» жалға алу шартымен ойнайды, ал оның құқығы «Челсиге» тиесілі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


