Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Сәтпаев «Бернлидің» «Мидлсброға» қарсы матчындағы үздігі атанды
Ағылшын Чемпионшипінің 4-турында өткен «Бернли» мен «Мидлсбро» кездесуі 1:1 тең есеппен аяқталды. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев матчтың үздігі атанды.
Сәтпаев кездесуде негізгі құрамда шықты және алаңда 80 минут өткізді. Ол ауыстырылып шыққанда трибунадағы жанкүйерлер оны қошеметтеп қарсы алды.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев ойнаған 4 матчта гол жоқ, «Бернли» «Рексемге» қарсы шығады
«Мидлсброға» қарсы кездесу Сәтпаев үшін «Бернли» түсіндегі төртінші матч, әрі негізгі құрамдағы қатарынан үшінші шығуы болды. Ол бұл кездесуде гол соғып, не нәтижелі пас бермесе де, клуб жанкүйерлері оның ойынын жоғары бағалады — оның әмбебаптығы, қарқыны мен ойындағы есеюі атап өтілді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


