БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 5 қыркүйек 2026

Нани дзюдо тәсілін көрсетіп, сары карточка алды

Фото: i.pinimg.com
Қазақстан премьер-лигасының 25-турында өткен «Ақтөбе» мен «Жеңіс» кездесуінде «Ақтөбе» ойыншысы Луиш Нани қарсылас футболшыны дзюдо тәсілімен жерге құлатып, сары карточка алды.

Оқиға 11-минутта, доп ойыннан тыс болған кезде орын алды. «Жеңістің» қорғаушысы Ісламбек Қуат Нанидің мойнынан ұстап алғаннан кейін, португалиялық футболшы дзюдо тәсілін қолданып, қарсыласын арқасынан асыра лақтырды. Төреші бұл әрекеті үшін Наниге сары карточка көрсетті.

Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.

Тағы оқыңыз
«Ақтөбе» шабуылшысы Нани ұлына эмоционалды хат жазды

24 турдан кейінгі жағдай бойынша «Ақтөбе» 35 ұпаймен 5-орында, ал «Жеңіс» 29 ұпаймен 8-орында тұр.

Тағы оқыңыз

39 жастағы Нани кәсіби мансабындағы 750-матчын өткізді
«Ақтөбе» шабуылшысы Нани ұлына эмоционалды хат жазды
Луиш Нани «Алтайға» қарсы кездесуде ойнамайды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz