Жаңалық 15 тамыз 2026
39 жастағы Нани кәсіби мансабындағы 750-матчын өткізді

Фото: sports.kz
«Ақтөбенің» португалиялық жартылай қорғаушысы Луиш Нани ҚПЛ-ның 22-турында Қызылордада өткен «Қайсар» — «Ақтөбе» кездесуінде кәсіби мансабындағы 750-матчын өткізді.
Юбилейлік кездесуде «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда «Қайсар» сапында Виктор Мозес есеп ашты.
77-минутта Нани нәтижелі пас беріп, Даниэль Сосу есепті теңестірді. Ал 93-минутта «Ақтөбе» жеңіс әкелген голды соғып үлгерді.
Тағы оқыңыз
Нани дзюдо тәсілін көрсетіп, сары карточка алды
39 жастағы Нани «Ақтөбеге» 2026 жылдың 25 қаңтарында қосылды. Ол 2024 жылдың желтоқсанында мансабын аяқтағанын жариялаған болатын, бірақ «Ақтөбеге» ауысу үшін футболға қайта оралды. Футболшы клубпен 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі бір маусымдық келісімшартқа қол қойды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


