БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 5 қыркүйек 2026

ФИФА Тапианың Месси туралы жоспарын бұзды: 10-нөмір ресми матчтарда «алынып тасталмайды»

Фото: sports.kz
Аргентина футбол федерациясының (АФА) президенті Клаудио Тапианың Лионель Мессидің құрметіне 10-нөмірді «мәңгілікке қалдыру» жоспарын ФИФА қабылдамады.

Тапиа бұл идеяны 2024 жылы жариялаған болатын. «Аргентина құрамасының 10-нөмірі Месси кәсіби мансабын аяқтаған соң алынып тасталады», — деген еді ол.

Алайда ФИФА ережесі бойынша ресми өтінімде ойыншылар нөмірлері бірізді болуы тиіс. 2026 жылғы әлем чемпионатында әр құрама 26 футболшыны тіркей алады, яғни тек 1-ден 26-ға дейінгі нөмірлер қолданылады. ФИФА-ның бұл қатаң ережесі тек өз юрисдикциясындағы ресми турнирлерге қатысты — жолдастық матчтарда Аргентина қаласа, 10-нөмірді алып тастай алады.

Тағы оқыңыз
«Рома»: Дибала мен Молинаны Мессидің қоштасу матчына жібермейміз

Месси Аргентина құрамасынан 2026 жылдың 31 тамызында кететінін мәлімдеді. Ол 21 жыл бойы құрама үшін 207 матч өткізіп, 125 гол соққан. Оның активінде — 2022 жылғы әлем чемпионатының алтыны, екі мәрте Копа Америка (2021, 2024), Финалиссимо-2022 трофейі және 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының алтын медалі. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды (2014, 2022).

Тағы оқыңыз

Испания бапкері Месси туралы: «Кездейсоқтық — Құдайдың бүркеншік аты»
Месси әкесінің қазасынан кейінгі алғашқы матчта ойнады
Месси МЛС-те 4 гол соғып, «Алтын бутса» жарысында көш бастады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz