Жаңалық 30 тамыз 2026
Месси МЛС-те 4 гол соғып, «Алтын бутса» жарысында көш бастады

Фото: media.npr.org
«Интер Майами» чемпионаттың кезекті турында «Монреальді» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуде Лионель Месси төрт гол соғып, маусымдағы көрсеткішін 18 голға жеткізді.
Аргентиналық жұлдыз алғашқы голын 40-минутта соқты, екінші таймда есепті тағы да толықтырды. Месси 83-минутта допты «қасықтап» соқты, ал соңғы голын қосымша уақытта соғып, команданың жеңісін нақтылай түсті. Оның төрт голының екеуі — айып добынан.
Осы голдардың арқасында Месси МЛС-тің үздік бомбардирлері тізімінде «Даллас» шабуылшысы Петар Мусаны басып озып, көш басына шықты.
Тағы оқыңыз
Месси мен Левандовски қатысқан матч тең аяқталды
«Монреальдің» қақпасын осы кездесуде Томас Гиллиер қорғады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


