Жаңалық 4 қыркүйек 2026
Эрбес: Сәтпаев Чемпионшип стиліне сай келеді

Фото: Chelsea FC (ресми TG)
Қазақстандық бұрынғы футболшы Вячеслав Эрбестің бағалауынша, «Бернлиде» жалдамалы негізде ойнайтын 18 жастағы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің стиліне сай келеді.
«Күш-қуат тұрғысынан Сәтпаевқа ешқашан кінә тағылған емес. Иә, ол бойшаң емес, ал Англияда әдетте ауадағы күрес көп болады, бірақ ол жылдам әрі техникалы. Дәл осы қасиеті доптарды қарсылас қақпасының алдына жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижелер мен мақсаттарға қарасақ, «Бернли» төменгі орындар үшін, тіпті Чемпионшипте қалу үшін күреседі, ал бұл көбіне қорғанысты білдіреді. Ал бұл тұрғыда, айтқанымдай, Дастанда мәселе жоқ», — деді Эрбес.
Тағы оқыңыз
Сатпаевсіз шыққан «Бернли» «Рексхэмнен» жеңіске жете алмады
Дастан Сәтпаевтың құқығы лондондық «Челсиге» тиесілі, ол «Бернлиде» осы маусымның соңына дейін жалдамалы негізде ойнайды. Жаз айларында футболшы «Челсимен» бірге дайындық жиынына қатысқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


