17 жастағы Барташвили «Арсеналмен» 2032 жылға дейін келісімшарт жасады
Ойыншы бейсенбіде медициналық тексеруден өтіп, бес жылдық келісімшартқа қол қойды — келісімшарт 2032 жылға дейін жарамды. Дегенмен Барташвили «Арсенал» сапына тек 2027 жылдың наурызынан бастап қосыла алады.
Барташвили — «Колхети 1913» клубының ойыншысы, қазір жалдау шартымен «Иберия 1999» құрамында ойнап жүр. Ол «Иберия» құрамында 24 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді, мамырдың басынан бастап негізгі құрамнан тұрақты орын алды.
Ағылшын клубына жол ашқан — «Арсеналдың» скауты Мауризио Микели. Оған дейін жас футболшыға «Ливерпуль» мен «Ювентус» та қызығушылық танытқан.
Барташвили — Грузияның жасөспірімдер құрамаларының (U16, U17, U19, U21) ойыншысы, маусымда Грузия U19 құрамында екі матчта екі гол соққан. Ол шабуылшы жартылай қорғаушы немесе сол қанаттағы шеткі шабуылшы позициясында ойнайды.
«Құттықтағандардың бәріне үлкен алғыс айтамын», — деді Барташвили.


