«Арсенал» 17 жастағы грузин Бартишвилиді сатып алды

Бартишвилимен бес жылға келісімшарт жасалады, бірақ ол 2027 жылдың наурызында, ойыншы 18 жасқа толғаннан кейін ғана күшіне енеді. Грузин футболшысы шеткі шабуылшы позициясында, кейде шабуылшы жартылай қорғаушы ретінде де ойнайды.
Үлкен клубқа ауысқанға дейін Бартишвили «Иберия 1999» құрамында жалдамалы негізде ойнаған. Сол клуб құрамында ол 24 матчта 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Маусымда Грузияның U19 құрамасында 2 матчта 2 гол соққан. Ойыншы бұған дейін Грузияның U16, U17, U19 және U21 құрамаларында да өнер көрсеткен.
«Арсеналдан» бөлек, оған «Ливерпуль» мен «Ювентус» та қызығушылық танытқан. «Арсеналдың» скауты Маурицио Микели Бартишвилиді Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Флораға» қарсы ойнаған матчта бақылаған.
«Құттықтағандардың бәріне зор алғыс», — деді Бартишвили өз ауысуы туралы мәлімдеме жасап.


