Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Сәтпаев негізгі құрамда: «Бернли» 23-орында тұрып, «Бристоль Ситиге» қарсы шығады
Ағылшын Чемпионшипінің 5-турында «Бернли» 5 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де «Бристоль Ситимен» кездеседі. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшын клубында ойын уақытын үнемі алып жүр.
«Бернли» ағымдағы маусымда 4 матчта бар-жоғы 2 ұпай жинап, кесте бойынша 23-орында тұр. Соңғы кездесуде команда өз алаңында «Мидлсброумен» 1:1 тең түсті.
Қарсылас «Бристоль Сити» жағдайы жақсырақ — 4 турдан кейін 7 ұпай жинаған. Соңғы матчта команда «Престонды» қонақта 3:1 есебімен жеңген.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев ойнаған 4 матчта гол жоқ, «Бернли» «Рексемге» қарсы шығады
Сәтпаев барлық турнирлерде «Бернли» құрамында 4 матч өткізіп, әлі гол соға алған жоқ. Соған қарамастан, ол «Мидлсброуға» қарсы кездесуде үшінші рет қатарынан негізгі құрамнан бастады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


