Фаринас бір жаттығуымен Фликті сендіріп, «Барселонада» қалды

20 жастағы Фаринас — Ла Масия түлегі, негізгі позициясы — орталық қорғаушы, бірақ ол шабуылшы жартылай қорғаушы және қорғаушы позицияларында да ойнай алады.
«Барселона» мен «Жирона» футболшыны 3 миллион еуроға сату туралы келісімге жақындап қалған еді. Дегенмен жағдай күтпеген жерден өзгерді.
Команда 13 шілдеде медициналық тексеруден өтіп, дайындық кезеңін бастады, 14 шілдеде Хансі Флик өткізген алғашқы жаттығу болды. MARCA басылымының журналисі Луис Ф. Рохоның айтуынша, «Фаринасқа Фликті көндіру үшін негізгі құраммен бірге өткен бір ғана жаттығу жеткілікті болды».
Осыдан кейін Флик «Жиронамен» келіссөзді дереу тоқтатуды спорттық директор Декоға тапсырды. Бапкер жас ойыншыны Англиядағы жаттығу лагерінде тереңірек бағаламақ.
Сейсенбіде, трансфер терезесінің соңғы күнінде, Фаринас «Барселонаның» негізгі құрамына тіркелді және Роналд Араухо бос қалдырған 4-нөмірлі футболканы киетін болды. Ол — соңғы 19 жылда клубтың негізгі құрамында дебют жасамай тұрып тіркелген алғашқы футболшы.


