«Барселонада» Гави жаттығудан тыс қалды, жаңа қақпашы Ливакович дайындығын жалғастыруда

Испан шабуылшы жартылай қорғаушысы «Эльчеге» қарсы маусым ашар матчта оң тізесінен жарақат алып, ойынды мезгілінен бұрын тастап шыққан болатын. Бас бапкер Ханс-Дитер Флик сәрсенбіде Гавидің командаластарымен бірге жаттығуға оралуы үшін шамамен бір апта қажет болатынын айтқан.
Клубтың жоспары бойынша Гави толыққанды жаттығуға «Райо Вальеканомен» матчтан кейін қайтады, содан соң «Валенсиямен» кездесуге дайындалады.
Сонымен қатар хорват қақпашысы Доминик Ливакович «Барселонамен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, сенбіде командамен екінші жаттығуын өткізді. Ол «Атлетик» клубына қарсы жеңісті Spotify Camp Ноудан тамашалаған-ды. Ливакович Хоан Гарсияның дублеры ретінде Войцех Щенснимен бәсекелеседі, бірақ әзірге Ла Лигада тіркелген жоқ.
Команданың үшінші турға дейінгі соңғы жаттығуы жексенбіде сағат 11:00-де, ал Фликтің баспасөз конференциясы сол күні 13:00-де өтеді.


