Жаңалық 2 қыркүйек 2026
«Жетісу» Кэнье Уэст концертінің кесірінен жеті күнде үш матч өткізеді

Фото: trivela.com.br
Қазақстан Премьер-Лигасының 21-турындағы «Қайрат» — «Жетісу» кездесуі қайта жоспарланып, талдықорғандық клуб жеті күн ішінде үш матч өткізуге мәжбүр болды.
Бастапқыда тамыз айының басында өтуге тиіс болған «Қайрат» — «Жетісу» кездесуі Кэнье Уэсттің концертіне байланысты кейінге қалдырылған еді. «Жетісу» бұл шешіммен келіскен.
Қазақстан футбол федерациясы аталған кездесуді 24 және 25-турлар аралығына қойды. Нәтижесінде «Жетісу» жеті күн ішінде үш турнирлік матч өткізуге тиіс болды, оның екеуі — қонақта.
24 және 25-турлардың кестесі бұған дейін бекітілген күнтізбе бойынша сақталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


