БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Сұхбат 2 қыркүйек 2026

Сәтпаев «Бернли» үшін дебют жасаған матчта 4 сәтті дриблинг көрсетті

Фото: footballblog.co.uk
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» құрамында негізгі құрамдағы алғашқы матчын өткізді. Команда Чемпионшиптегі кездесуде «Норвичке» 1:4 есебімен ұтылды.

18 жастағы қазақстандық футболшы жеңіліске қарамастан жеке шеберлігімен назар аудартты — матч барысында ол төрт сәтті дриблинг жасады.

BBC Radio Lancashire журналисі Росс Хитон жас шабуылшыға жоғары баға берді.

Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады

«Дастан аса жоғары жауапкершілік пен жанкештілік танытты. Оның еңбекқорлығы мен шеберлігі керемет. Әлеуеті зор. Ең бастысы — оған артық қысым жасамай, дамуына мүмкіндік беру. Табиғи таланты мен дұрыс көзқарасы бар, сондықтан өте мықты футболшы болып қалыптаса алады», — деді Хитон.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев 23 тамызда «Бернли» құрамында дебют жасауы мүмкін
Сәтпаев «Бернли» құрамында «Вест Бромвичке» қарсы дебют жасамақ
Сәтпаев туралы «Бернли» бапкері: «Дастан біз үшін құнды ойыншы»
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me