Сәтпаев «Бернли» құрамында «Вест Бромвичке» қарсы дебют жасамақ
Сәтпаев «Челсиге» 2026 жылдың 12 тамызында, өзінің 18 жасқа толған күні ресми түрде қосылып, клубпен 2033 жылдың маусымына дейінгі ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған болатын. Алайда 15 тамызда ол «Бернлиге» бір маусымға, 2027 жылдың маусымына дейін жалға берілді. Жалдау құны — 350 мың еуро, сатып алу құқығынсыз.
Сарапшы Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, Сәтпаев «Бернли» жаттығуына қатысып үлгерді. «Досик бүгін «Бернлидің» жаттығуына қатысты. Екі күннен кейін команда «Вест Бромвичке» қарсы матч өткізеді. Қазір «Бернли» осы кездесуге дайындалып жатыр. Дастан Сәтпаевтың дебютін көреміз. Тек ол негізгі құрамда шыға ма, әлде әзірге қосалқы құрамда қала ма — бар мәселе осында», — деді ол.
«Бернли» мен «Вест Бромвич» арасындағы кездесу 2026 жылдың 23 тамызында өтеді.


