Жаңалық 2 қыркүйек 2026
Қазақстан құрамасы Бельгияны 5:1 жеңіп, ӘЧ-2026 іріктеуінде үш ойыннан үш жеңіс тіркеді

Фото: kaz.vesti.kz
Германияның Эссен қаласында өткен ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің үшінші турында Қазақстан құрамасы Бельгия құрамасын 5:1 есебімен жеңді. Бұл — Н тобындағы қатарынан үшінші жеңіс.
Осыған дейін қазақстандықтар Иракты 13:1, Түркияны 8:1 есебімен ұтқан болатын. Үш кездесуде құрама қарсыласының қақпасына 26 доп соғып, өз қақпасынан небәрі 3 гол өткізді.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен Н тобында көш бастап тұр. Екінші орында 4 ұпай жинаған Түркия құрамасы келеді. Бельгия құрамасының да 4 ұпайы бар, ал Ирак құрамасы бірде-бір ұпай жинай алмай, кестенің соңғы сатысында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


