Жаңалық 31 тамыз 2026
Қазақстан құрамасы Түркияны 8:1 талқандап, топ көшбасшысы атанды

Фото: kaz.vesti.kz
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің Н тобындағы кездесуде Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында Түркия құрамасын 8:1 есебімен жеңді.
Бұл — қазақстандықтардың турнирдегі екінші жеңісі. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Ирак құрамасын 13:1 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, екі кездесуде құрама барлығы 21 гол соғып үлгерді.
Екі матчтан кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен Н тобында көш бастап тұр. Екінші орында 2 ұпай жинаған Бельгия құрамасы келеді. Түркия мен Ирак құрамалары бір-бір ұпаймен қалып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


