Жаңалық 2 қыркүйек 2026
Нұралы Алип «Зенит» құрамында сақтық орындықтан орын алды
Ресей Кубогының топтық кезеңіндегі үшінші турда петербургтік «Зенит» махачкалалық «Динамоны» қабылдайды, бірақ қазақстандық қорғаушы Нұралы Алип бұл кездесуді сақтық орындықтан бастайды.
Матч 2 қыркүйекте «Газпром Арена» стадионында Қазақстан уақыты бойынша 20:30-да басталады.
Екі турдан кейін «Зенит» бес ұпай жинап, С тобында көш бастап тұр. Махачкалалық «Динамо» бар-жоғы бір ұпаймен тізім соңында келеді. Топта сондай-ақ «Крылья Советов» (төрт ұпай) және «Балтика» (бір ұпай) ойнайды.
Тағы оқыңыз
Нұралы Әлип «Зенитте» қалды: «Нефтчиге» жасалған ұсыныс қабылданбады
Ағымдағы маусымда Алип «Зенит» құрамында алты матч өткізді, бірақ бұл кездесулерде нәтижелі әрекет жасай алмады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


