Жаңалық 19 тамыз 2026
Нұралы Әліп Ресей кубогының кезекті матчында бастапқы құрамнан орын алды
«Зенит» клубы Ресей кубогы топтық кезеңінің екінші турында «Крылья Советовқа» қарсы өтетін матчқа Нұралы Әліпті бастапқы құрамға енгізгенін хабарлады.
Кездесу 19 тамызда Самарадағы «Солидарность Самара Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 18:15-те басталады.
«Крылья Советов» құрамында Ислам Чесноков бұл жолы тізімге енбеді.
Тағы оқыңыз
Әліп Ресей премьер-лигасының 8-турында негізгі құрамда шықты
Топтық кезеңнің бірінші турында «Зенит» «Балтиканы» 1:0 есебімен жеңсе, «Крылья Советов» «Динамо» (Махачкала) клубын 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


