Жаңалық 31 тамыз 2026
Цхададзе Әзербайжанның «Габаласын» тастап кетті
Грузиялық 57 жастағы бапкер Кахабер Цхададзе әзербайжандық «Габала» клубымен тараптардың өзара келісімі бойынша қоштасты. Бұл туралы 31 тамызда хабарланды.
Цхададзе «Габаланы» 2024 жылдың ақпанынан бері басқарып келген. Клуб Әзербайжан премьер-лигасының жаңа маусымын сәтсіз бастады: үш турдан кейін «Габаланың» есебінде бар-жоғы бір ұпай, ал қарсылас қақпасына бірде-бір доп соға алмаған.
Бапкермен бірге клуб оның көмекшісі Георгий Чихрадзеден де қол үзді.
Цхададзенің жаттықтырушылық жолында тбилисилік «Локомотив» пен «Динамо», «Сиони», бакулық «Стандарт» пен «Интер», Грузия құрамасы, сондай-ақ қазақстандық «Қайрат», «Ордабасы» және «Каспий» клубтары бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


