Жаңалық 21 тамыз 2026
Ақтаулық «Каспий» директоры отставкаға кетті
Ақтаулық «Каспий» клубының директоры Нұртас Құрғулин өз қалауымен отставкаға кетті. Клуб директорының міндетін уақытша атқарушы болып Қайрат Ершеев тағайындалды.
Бұл өзгеріс клубтың бас бапкері Ерлан Шойтымов кеткеннен кейін болды. Ол павлодарлық «Ертіске» ауысқан еді.
«Каспий» ағымдағы маусымды сәтті бастаған жоқ. Қазақстан премьер-лигасында 22 тур өткен соң клуб 23 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


