Жаңалық 31 тамыз 2026
Қазақстан құрамасы Socca әлем чемпионатында гол соғу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

Фото: sports.kz
Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан Socca әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі матчта 21 гол соғып, бомбардирлік статистика бойынша бірінші орында тұр.
Қазақстандықтар алғашқы кездесуде Иракты 13:1 есебімен, екінші матчта Түркияны 8:1 есебімен жеңген болатын.
Екінші орында 15 гол соққан Испания құрамасы тұр. Канада мен Бразилия құрамалары 14 гол жинаса, Грузия құрамасының активінде 9 гол бар.
Турнир 2026 жылдың 28 тамызында старт алды. Қазақстан құрамасының кезекті кездесуі 1 қыркүйекте Бельгия құрамасына қарсы өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


