Матч 31 тамыз 2026
«Елимай» — «Қайрат» кездесуі алдында концерттік бағдарлама өтеді

Фото: trivela.com.br
Қазақстан премьер-лигасының 24-турында семейлік «Елимай» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Матч сағат 19:00-де басталады.
Кездесу алдында, сағат 17:30-да, көрермендерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Онда «Мираса» тобы, Югинейсов пен Дана Кентай өнер көрсетеді.
Матчты ҚФФ лигасының YouTube арнасы, Kinopoisk, SEMEI телеарнасы және Sport+Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


