Матч 26 шілде 2026
«Қайрат» - «Ордабасы» матчының алдында Орталық стадионда қызықты іс-шаралар өтеді
Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Ордабасы» кездесуіне бірнеше сағат қалғанда жанкүйерлерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Стадион маңында интерактивті аймақтар жұмыс істейді, жанкүйерлерге тегін бет бояу қызметі ұсынылады. Сондай-ақ фудкорттарда әртүрлі тағам мен сусын түрлерін сатып алуға болады.
Ұйымдастырушылар кезекте тұрып қалмау үшін жанкүйерлерге матч басталардан 2-3 сағат бұрын келуді ұсынады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


