«Бешикташ» Касадоны жалға алғысы келеді

22 жастағы Касадоның «Барселонамен» келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған. Ол жаздың көп бөлігінде негізгі құраммен бірге жаттыққан жоқ.
Сауд Арабиясының клубтары футболшы үшін 40 миллион еуро ұсынған, бірақ Касадо бұл ұсыныстан бас тартқан. «Барселона» ойыншыны тікелей жалға бергеннен гөрі, келешекте бақылауды өз қолында сақтап қалу үшін оның тіркеу құқығының 50–60 пайызын сатқысы келеді.
Лиссабондық «Бенфика» да қызығушылық танытып, сатып алу құқығы бар жалға алу нұсқасын қарастырып отыр. Ал «Бешикташ» қарапайым жалға алу схемасы бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оған қоса, Касадоға ағылшын премьер-лигасының бірнеше клубы да көз тіккен.
Еске сала кетейік, осы аптада «Барселона» қорғаушысы Эктор Форт 8,5 миллион еуроға «Реал Сосьедадқа» ауысқан болатын.


