Трансфер 8 тамыз 2026
«Халл Сити» Сәтпаевты «Челсиден» жалға алғысы келеді
Ағылшынның «Халл Сити» клубы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты «Челсиден» жалға алуға талпыныс жасады.
«Челси» бұл маусымда жас шабуылшыны жалға беруді жоспарлап отыр. Бастапқыда Сәтпаев үшін француздық «Страсбург» нұсқасы қаралған болатын.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Енді «Халл Ситидің» де қазақстандық футболшыға қызығушылық танытуы жағдайды өзгертуі мүмкін. Сәтпаевтың қай клубқа жалға берілетінін «Челсидің» өзі шешеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


