Жаңалық 29 тамыз 2026
Мини-футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Иракты 13:1 есебімен талқандады

Фото: sports.kz
Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан мини-футболдан әлем чемпионатының H тобындағы бірінші турда Қазақстан құрамасы Ирак жасағын 13:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесуде Азамат Сейфуллин төрт гол соғып, көзге түсті. Анарбек Мелісбек пен Ержан Жарлығаганов екіден доп енгізді. Сонымен қатар есеп жаршысына Ғалым Райханов, Тұрехан Досов, Александр Сергейчук, Диас Егінжанов және Олжас Тайбасаров та үлес қосты.
Қазақстан құрамасы — Еуропаның қолданыстағы вице-чемпионы әрі әлемдік рейтингтің көшбасшысы.
H тобында Қазақстаннан бөлек Ирак, Түркия, Бельгия және Гаити құрамалары бақ сынайды. Топтағы басқа кездесуде Түркия мен Бельгия құрамалары 2:2 есебімен тең түсті.
Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі келесі матчы 30 тамызда Түркиямен өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


