Жаңалық 29 тамыз 2026
Әліп «Зенит» — «Факел» матчында Flashscore.com-нан 6,9 балл алды
РПЛ-дің 6-турында өткен «Зенит» — «Факел» кездесуінде барлық 90 минутты алаңда өткізген қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліптің ойынын Flashscore.com сарапшылары 6,9 баллға бағалады.
Бұл көрсеткіш «Зениттің» негізгі құрамындағы ойыншылар арасындағы екінші ең төмен баға болды.
Матч «Зениттің» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Осы жеңістен кейін «Зенит» 12 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Факел» небәрі 2 ұпаймен соңғы сатыда тұр.
Тағы оқыңыз
Әліп Ресей премьер-лигасының 8-турында негізгі құрамда шықты
Бұл маусымда Әліп «Зенит» құрамында барлық турнирлерде 6 матч өткізді, бірақ әлі бірде-бір голға да, нәтижелі пасқа да қатысы болған жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


