Матч 27 тамыз 2026
Сәтпаев 80 минут ойнады, «Бернли» пенальти сериясында жеңілді

Фото: kff_team
Ағылшын лигасы кубогының кезекті кезеңінде «Брэдфорд» пен «Бернли» кездесті. Негізгі уақытта командалар 0:0 есебімен тең түсіп, жеңімпаз 11 метрлік айып добы сериясында анықталды.
90 минуттық ойын барысында екі команда да гол соға алмады. Пенальти сериясында «Брэдфорд» 4:3 есебімен басым түсіп, «Бернлиді» кубоктан шығарып жіберді.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев «Бернли» негізгі құрамында ойынды бастап, алаңда 80 минут болды.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Бернлиді» бапкер Ники Хейден жаттықтырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


