Жаңалық 26 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында тұңғыш рет негізгі құрамда шығады

Фото: footballblog.co.uk
Қазақстан құрамасының шабуылшысы, 18 жастағы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» құрамында алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетпек. Бұл — АЛК кубогының екінші айналымындағы «Брэдфорд Ситиге» қарсы матч.
Кездесу Брэдфордтың «Вэлли Пэрейд» стадионында өтеді, старт Астана уақытымен 23:45-те беріледі.
Сәтпаев «Бернли» құрамында бұған дейін Чемпионшиптің екінші турында «Уэст Бромвич Альбионға» қарсы матчта дебют жасап, екінші таймда алаңға шыққан болатын.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Бернли» кубоктың бірінші айналымында «Ноттс Каунтиден» басым түсті: негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталғаннан кейін команда 11 метрлік добы сериясында 4:3 есебімен жеңіп шықты. «Брэдфорд Сити» өз кезегінде бірінші айналымда «Рочдейлді» 2:0 есебімен ұтқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


