Жаңалық 26 тамыз 2026
ҚФФ: «Тобыл» — «Қайсар» матчындағы қолмен ойнау эпизоды бойынша шешім дұрыс болды
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-Лиганың 21-турындағы «Тобыл» — «Қайсар» кездесуіндегі даулы эпизодқа түсінік берді.
Кездесудің 90-минутында бұрыштық доптан кейін қорғаушының айыппұл алаңында допқа қолын тигізуі даулы жағдайға айналған болатын.
Департамент басшысының түсіндіруінше, қорғаушының қолы денеге жақын, табиғи күйде болған және дене аумағын ұлғайтпаған. Қолдың допқа қарай қозғалысы болмаған, керісінше, доп қолға қарай ұшқан.
Осыған сүйене отырып, ҚФФ ойынды жалғастыру туралы шешімнің дұрыс қабылданғанын, ал VAR жүйесінің эпизодқа араласпауы дұрыс болғанын растады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


