Жаңалық 25 тамыз 2026
«Тобыл» мен «Қайсар» арасындағы кейінге шегерілген матчтың күні белгілі болды
Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 21-туры аясындағы қостанайлық «Тобыл» мен қызылордалық «Қайсар» кездесуі 25 тамызда өтеді.
Матч Қостанайдың орталық стадионында сағат 19:00-де басталады. Кездесуді Саят Қарабаев басқарады. Тікелей эфир ҚФФ Лигасының YouTube арнасында көрсетіледі.
21 турдан кейінгі жағдай бойынша «Тобыл» 25 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында тұр. «Қайсардың» есебінде 20 ұпай бар, ол кестеде 13-орынды иеленіп отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


