БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 26 тамыз 2026

«Ақтөбе» шабуылшысы Нани ұлына эмоционалды хат жазды

Португалия құрамасының бұрынғы жұлдызы, қазіргі «Ақтөбе» шабуылшысы Луиш Нани 12 жастағы ұлы Лукас Куньяның «Спортингпен» оқу келісімшартына қол қойғанын жеке хатпен құттықтады.

Лукас Кунья «Спортингте» 15 жасқа дейінгі команда құрамында өнер көрсетеді әрі клубтың Алкошетедегі «Криштиану Роналду» атындағы академиясында білім алады.

Әкесі Нани әлеуметтік желіде ұлына арнап жылы лебіз білдірді: «Өзің жақсы білетін үйде — жаңа шытырман оқиға! Бірақ енді бәрі бір саты жоғары әрі шынайырақ. Мен саған тек бір нәрсе айта аламын: осы сәтті сезін және барыңды сал, қалғанын Құдайдың қолына тапсырайық. Ол сенімен бірге жүріп, әр қадамыңды жарық етсін. Бақытты әрі берекелі бол. Кім болсаң да, біз әрқашан жаныңдамыз әрі қолдаймыз. Әкең сені жақсы көреді».

Тағы оқыңыз
Нани дзюдо тәсілін көрсетіп, сары карточка алды

Лукас Куньяға қазір 12 жаста.

Тағы оқыңыз

39 жастағы Нани кәсіби мансабындағы 750-матчын өткізді
Нани дзюдо тәсілін көрсетіп, сары карточка алды
Луиш Нани «Алтайға» қарсы кездесуде ойнамайды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz