«Манчестер Сити» Гакпоға қызығушылық танытты, бірақ «Ливерпуль» қатаң шарт қойды

Романоның айтуынша, «Ливерпуль» Гакпоны сатқысы келсе, алдымен алдағы 8 күн ішінде екі шеткі шабуылшыны сатып алуы керек. «Ливерпульдің» басты нысанасы — Брадли Барсола.
«Ливерпуль» екі шеткі шабуылшыны алдағы 8 күнде әкеле алса ғана, Коди Гакпоны сатады. Басым бағыт — Брадли Барсола», — деді Романо.
27 жастағы Гакпоға қызығушылық танытып жүрген клуб «Манчестер Сити» ғана емес. Оның айтуынша, лондондық «Тоттенхэм» Гакпомен шарт талаптары бойынша шілдеден бері ауызша келіскен. Енді «Манчестер Сити» де ойыншының агенттерімен байланысқа шықты.
«Тоттенхэм» Гакпомен шілдеден бері ауызша келіскен, енді «Манчестер Сити» де оның агенттерімен белсенді келіссөз жүргізіп отыр. Шешімді ойыншы қабылдайды, бірақ бұл «Ливерпульдің» шеткі шабуылшылар жөніндегі жоспарына да байланысты», — деп қосты Романо.
Соңғы матчта «Ливерпуль» «Ньюкаслмен» 2:2 тең түсті, онда Гакпо командасының алғашқы голын соққан болатын. Клубтан жақында Кертис Джонс та кеткен еді.


