Жаңалық 31 тамыз 2026
Гакпо «Манчестер Ситимен» дербес шарт бойынша келісімге келді, бірақ «Ливерпуль» әлі жол бермей отыр
Ағылшындық «Ливерпуль» клубы шеткі шабуылшы Коди Гакподан бас тартуға асықпайды: жаңа қанат ойыншысын тапқанша, трансферге жол берілмейді. Бұл туралы Фабрицио Романо мен Пол Джойс хабарлады.
Романоның мәліметінше, Гакпо «Манчестер Ситимен» дербес шарт бойынша келісімге қол жеткізген. Дегенмен «Ливерпуль» бас бапкер Андони Ираоланың негізгі құрамына тағы бір шеткі шабуылшы келмейінше, ойыншыны жіберер емес.
«Ливерпуль» жақында ПСЖ-дан Брадли Барколаны сатып алғанын жариялады. Джойстың айтуынша, егер клуб басқа қанат ойыншысын таба алмаса, Гакподан негізгі құрамдағы орын үшін күресуді талап етеді. Романоның сөзінше, мұндай жағдайда Гакпо «Ливерпульде» қалуға қарсы емес.
Тағы оқыңыз
Гакпо екі жағынан да ауырсынды: «Ливерпуль» шабуылшысы «Атлетикоға» қарсы ойнамады
Сонымен қатар «Ливерпуль» трансфер терезесі жабылғанға дейін «Кристал Пэлестің» шеткі шабуылшысы Исмаила Саррды сатып алуды жоспарлап отыр. «Манчестер Ситиге» тағы бір жартылай қорғаушы мен шабуылшы қажет.
Трансфер терезесі ертең кешкі сағат 23:00-де жабылады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


