Сәтпаевтың анасы 2015 жылғы суретті жариялады: бала кезінде «Реал» формасын киген екен

Сурет Мадинаның Instagram парақшасында пайда болды. «Фото отправила подписчица, Астана, 2015 год, надо же сохранила, так неожиданно», — деп жазды ол суретке түсініктеме беріп.
Ал 10 жылдан кейін, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде, 18 жастағы Сәтпаев «Реалға» қарсы алаңға шықты — бірақ енді қарсылас формасында емес, алматылық «Қайрат» құрамында. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында өтті. Мадридтіктер сол матчта 5:0 есебімен басым түсті. Сәтпаев негізгі құрамда бастап, алаңда 81 минут болды.
Қазір Сәтпаев ағылшын «Челсиімен» ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған, ал маусымдық жалдау шартымен Чемпионшиптегі «Бернлиде» ойнайды. Ол «Бернли» құрамында 23 тамызда «Вест Бромвичпен» өткен қонақтағы матчта дебют жасады, алаңға 57-минутта ауыстырылып шықты.


