Жаңалық 20 тамыз 2026
Сәтпаевтың «Челсиге» ауысуын испан журналисі Кубоның трансферімен салыстырды

Фото: sports.kz
«Реал Сосьедад» жаңалықтарын жазатын Oneclub1909 басылымының журналисі Айтор қазақстандық Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысуы мен «Бернлиге» жалға берілуін жапондық Такефуса Кубоның «Реал Сосьедадқа» ауысуымен салыстырды.
«Бұл жағдайды Кубоның «Реал Сосьедадқа» ауысуымен салыстыруға болады. Баскония — шағын аймақ, бұрын біздің стадионда жапондарды ешқашан көрмегенбіз. Ал Кубо келгеннен кейін әр демалыс күні: «Кубо, Кубо, жапондар, жапондар!» деген айғай басталды. Жапониядан тек соның өзі үшін 3–4 журналист келіп, ол қайда барса да қалт жібермей ізіне түсті. Нағыз есалаңдық!» — деді Айтор.
Оның айтуынша, Сәтпаевтың трансферінен кейін «Челсидің» әлеуметтік желілерінде қазақстандық жанкүйерлердің жүздеген мың пікірі мен лайкі жиналған, ал «Бернлиге» жалға берілгеннен соң қазақстандық жанкүйерлер клубтың ресурстарына жаппай жазыла бастаған.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Соңғы жылдары футболдың жаһандануы керемет серпін алды, бұл біз үшін де үлкен ләззат», — деп қосты журналист.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


