Жаңалық 23 тамыз 2026
Тресольдиге 50 млн еуро: Альварес нұсқасы сәтсіз болса, «Барселона» жоспар дайындапты
Испан журналисі Жерар Ромероның мәліметінше, «Барселона» Хулиан Альваресті алу әрекеті сәтсіз аяқталса, келесі аптада Николо Тресольдиге қадам жасамақ.
«Барселона» Альваресті алу әрекеті сәтсіз болса, келесі аптада Тресольдиге қатысты жоспарын іске асыруға дайындалып отыр», — деді Ромеро.
22 жастағы, италиялық тектес неміс шабуылшысы Тресольди қазір бельгиялық «Брюгге» құрамында ойнайды. Ол осы клуб құрамында 61 матчта 26 гол соққан. Бұған дейін ойыншы негізінен Бундеслиганың екінші дивизионында өнер көрсетіп, «Ганновер» құрамында 80 матч өткізген.
«Брюгге» Тресольди үшін кемінде 50 миллион еуро талап етеді деп күтілуде. Атап өткен жөн, «Барселона» осы жазда бельгиялық клубтан Джесси Бисиуды сатып алған болатын.
Альваресті алу әрекетінің әзірге нәтижесі жоқ екенін ескерсек, каталондықтардың итальяндық шабуылшыға жақындауы ықтимал.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


