Жаңалық 23 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында «Уэст Бромвичке» қарсы шығады

Фото: i2-prod.mirror.co.uk
«Челсиден» жалға «Бернлиге» ауысқан қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің 2-турында «Уэст Бромвич Альбионға» қарсы алаңға шығады.
Кездесу 2026 жылдың 23 тамызында, жексенбіде, «Хоторнс» стадионында өтеді. Матчтың басталу уақыты Қазақстан уақытымен 16:00-де болып белгіленді.
1-турдан кейін «Уэст Бромвич» 3 ұпай жинаса, «Бернлиде» — 1 ұпай. «Уэст Бромвич» бірінші турда «Норвичті» қонақта 2:1 есебімен жеңді. «Бернли» болса «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түсті, матч барысында 0:2 есебімен артта қалып үлгерген еді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Екі команда соңғы рет 2025 жылдың наурызында Чемпионшип аясында кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


