Жаңалық 20 тамыз 2026
Зайнутдинов «Краснодарға» қарсы матчқа ілікпеді — «Динамо» ұтылды
Ресей кубогының екінші турында Мәскеу «Динамосы» өз алаңында «Краснодардан» 0:1 есебімен ұтылды. Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов бұл кездесуге іліккен жоқ.
Жалғыз гол ойынның 44-минутында соғылды. Даниил Уткиннің пасынан кейін Казбек Мукаилов дәл соққымен есеп ашты. Кездесу «ВТБ Аренада» өтті.
Бұл — екі команда үшін де екінші тур еді. «Краснодар» алғашқы турда «Ахматпен» 1:1 ойнап, кейін 11 метрлік айып добы сериясында 5:4 есебімен басым түскен. Ал «Динамо» «Факелді» 1:0 есебімен жеңген.
Тағы оқыңыз
Зайнутдинов «Бешикташтан» Мәскеудің «Динамосына» 2,5 миллион еуроға ауысты
Келесі турда «Краснодар» 1 қыркүйекте «Факелмен» сырт алаңда кездессе, «Динамо» 3 қыркүйекте «Ахматты» қабылдайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


